Көршісін құтқарып қалған әскери ҚР ІІМ медалімен марапатталды - Өскемен

Көршісін құтқарып қалған әскери ҚР ІІМ медалімен марапатталды - Өскемен

ҚР Ұлттық Ұланы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы байланыс взводының әскери қызметшісі, кіші сержант Данияр Берлібеков ҚР ІІМ басшысының "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін"медалімен марапатталды. 

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Берлібеков 19 тамыз күні таңертең пәтерінен шыққанда сыртта жүрген көршісінің мысығын байқаған. Ескертпек болып көршісінің үйіне келгенде, әйелдің денесі құрысып, аузынан ақ көбік ағып жатқан көрінеді. Данияр дереу жедел жәрдем шақырып, өзі көршісіне медициналық көмек көрсете бастаған.

Жасаған жақсылығын елеусіз қалтырмай, "Шығыс" ӨңҚ 5518 әскери бөлімінің командирі подполковник Бақытжан Көлбаев ҚР ІІМ министрінің медалін жеке құрам алдында салтанатты түрде табыстады.

- Ол кезде ойланып туратын уақыт болған жоқ. Менің орнымда кім болса да осылай істейтін еді. Сондықтан мен өзімді батыр деп санамаймын, - дейді Данияр.