Ұландықтар пышақ сілтеген бұзақыны ұстады

Ұландықтар пышақ сілтеген бұзақыны ұстады

Өткен демалыс күндері Тараздық ұландықтар қалада жан-жағына пышақ сілтеп, жұрттың мазасын алған бұзақыны ұстады.

Оқиға 8 тамызда болған. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету бойынша патрульде жүрген Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің  әскери жасағы Ниетқалиев көшесінен жүрісі күдік тудырған ер адамды байқайды. Тәртіп сақшыларын байқаған күдікті қаша жөнелді. Әскери жасақ бойынша кезекші аға лейтенант Санат Халмақан патрульдермен бірге күдіктінің соңына түседі.

- Біз өзін өте күдікті ұстаған адамды байқадық та, соған қарай бардық. Ол бізден қашып барып, көшенің қиылысына тоқтап, қалтасынан шығарған пышақты жан-жағына сілтей бастады. Өзіне ешкімнің жақындамауын талап етіп айқайлады. Біз дереу ол азаматты қолға түсіру үшін әрекет жасадық, себебі ол суық қаруды сілтеу арқылы айналасына қауіп төндірді. Жекпе-жек ұрысының әдістерін пайдалану арқылы біз оны ұстадық, - дейді қатардағы  Мерей Өтелбаев.

Күдіктіні ұстаған жерге Тараз қаласының Полиция басқармасынан жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған адам Тараз қаласының бұрын сотталған 26 жастағы азаматы екені анықталды.

«Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі