
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5546 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы Бейбітұлы Батырхан Атырау қаласында қызметтен келе жатып өртеніп жатқан үйден 63 жастағы азаматты құтқарып қалды.
Оқиға, 2021 жылдың 3 тамызында сағат тілі 13.30 шамасында болған қызметтен үйіне келе жатқан сәтте 5546 әскери бөлімі атқыштар ротасы 2 бақылаушылар взводының маманы қатардағы Батырхан. Бейбітұлы Жиенкулова көшесіндегі көрші үйдің терезесінен шығып жатқан лаулаған өрттің қара түтінін байқайды.
Батырхан бірден ұялы телефон арқылы өрт сөндіру қызметін шақырады да, өрт болып жатқан үйге қара бет бұрды. Үйдің бөлмелерінің бірінен диванда ес-түссіз жатқан үйдің иесі 1958 жылы туылған Аменов Бекболат есімді ер адамды көреді. Оны оятуға тырысып, арқалап, далаға қауіпсіз жерге алып шығады да, алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді.
Әскери қызметші өрттің ошағы болған газ құрылығысын өшіру мақсатында үйге қайта кіреді. Содан соң өрт сөндірушілер тобы келіп жедел түрде өртті сөндіреді.
-Шығып жатқан өрт түтінін көргенде жедел іске кірістім. Бұл аймақта жеке үйлер көп, өрттің кесірінен басқа көршілер де зардап шегуі мүмкін еді. Өрт шыққан үйге тез арада кіріп бара жатып өрт сөндіру қызметін шақырдым. Үйдің іші қатты түтін мен ысқа толған еді, бөлмелердің бірінен ес-түссіз жатқан көршіні көрдім. Жылдам далаға арқалап алып шығып алғашқы медициналық көмекті көрсеттім. Әрине қорқыныш болды, мен алғаш рет адам өмірін құтқарып қалдым. Өзім үшін емес егде жастағы көрші үйдің иесі үшін уайымдадым. Бізді әрқашан көмек көрсетуге дайын жүруге тәрбиелеп үйретеді, бұл ісімді ерлік деп санамаймын, менің орнымда болған кез-келген Ұлттық ұлан жауынгері осылай жасаған болар еді. Бұл біздің азаматтық борышымыз дейді, - қатардағы Бейбітұлы Батырхан.
Қазіргі уақытта көрші ер адамның денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Ұландық жауынгер қызмет ететін ведомства басшылары адам өмірін құтқаруға байланысты жедел жағдайда көрсеткен ерлігі, кәсібилігі үшін қатардағы Бейбітұлы Батырханды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының құқығымен марапаттауға ұсынды.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі