
24 шілдеде Рио-де-Жанейро - 2016 олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, дзюдошы Елдос Сметов бірінші белдесуде түрік атлеті Михраджем Аккушемді тез жеңді. Кейін оңтүстік корейлік Ким Вон Джинді ұтты. Ал жартылай финалда табанды текетіресте жапондық Наохисе Такат есе жіберіп қойды.
Үшінші орын үшін белдесуде Елдос Сметов иппон әдісімен голландық Торнике Чакадуаны ұтты. Осылайша ол қола медаль иегері атанып, төрт жылдықтың басты біріншілігінде елімізге тұңғыш жүлде алып берді.
Елдос Сметов 28 жаста, Тараз қаласының тумасы. 2021 жылдың маусым айында 60 келі салмақ дәрежесінде әлем бойынша рейтингте 1- орында болған.
Айта кету керек, Елдос Сметов Ұлттық ұланның спорттық-штаттық командасының мүшесі болып табылады. Әскери атағы – аға лейтенант.