Теміртауда ұландықтар алдау арқылы 2 млн. теңгені қолды еткен ер азаматты құрықтады

Теміртауда ұландықтар алдау арқылы 2 млн. теңгені қолды еткен ер азаматты құрықтады

Ер адам сенімге кіріп, алдау жолымен Теміртау тұрғынының 2 млн. теңгесін қолды еткен.

21 шілде күні сағат 17.00 шамасында Теміртау қаласының полиция басқармасынан алдау арқылы 2 млн. теңгені қолды еткен ер азаматты жауапқа тарту туралы хабар келіп түседі.

Әскери жасақ бастығы қатардағы Алдияр Жақынғалиев және патрульшілер қатардағы  Аңсар Пернебай мен Рамиль Әбдікәрімов қызмет барысында  Момышұлы  көшесінде сипаттамаға келетін ер адамды байқайды. Ол өзін ерсі ұстап, жсақтан жасырынғысы келген.

Әлгі сипаттамаға келетін азамат ұсталып, құзырлы органдардың қолына тапсырылды. Аталған дерек ҚР ҚК 190 бабы 1 тармағы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі