Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашылары мен ҚР Ұлттық Ұланның 6679 және 5512 әскери бөлімдерінің қызметкерлері «Домбыра – дастан» атты флешмобқа қатысты
- Ұлттық Домбыра күні аясында жыл сайын мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, халқымыздың өресі биік, ұлттық аспабын қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу мақсатында жаңа жобалар ұсынылады. Биылғы жылы филармониямыз әскери қызметшілермен бірге өнер көрсетіп, Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады, - деді облыстық филармонияның әдіскері Мәдина Валиева.
Мерекеге орай арнайы ұйымдастырған шараларды дайындауға 6679 әскери бөлімінің командирі, подполковник Аян Сәтбаев және 5512 әскери бөлімінің командирі, майор Арман Пернеқұлов белсенді қатысып, қомақты үлес қосқан.