
Сағат 21.05-те Павлодар қаласының жедел басқару орталығынан Мир көшесі, 19 мекенжайында белгісіз бағытқа кеткен Анастасия атты алты жасар қыз жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
5512 әскери бөлімінің маман кинологы сержант Ертай Айтқазин Рекс атты қызметтік итпен көрсетілген жерге келіп, қыздың жеке заттарын алып, итті ізімен жіберген. Төрт аяқты "Океан" сауда үйіне қарай алып барған. Анастасия "Биосфера" дәріханасының жанынан табылды. Осыдан кейін қыз ата-анасына қайтарылды.