
Құрметті тәртіп сақшылары,
Қадірлі қарулас достар!
Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы, Әскери және Ардагерлер кеңесі және өз атымнан Сіздерді және Ішкі істер органдарының ардагерлерін кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл атаулы күні Сіздерге Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мінсіз қызметтеріңіз үшін үлкен ризашылығымды білдіремін.
Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздің ішкі істер органдары күрделі даму жолынан өтіп, өсіп, өркендеді. Қазіргі уақытта Қазақстан полициясы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, қоғамымыздың дамуына елеулі үлестерін қосып келеді.
Ортақ Отанымыздың тыныштығын сақтау – біздің қасиетті парызымыз. Бүгінде полиция кәсіби тұрғыда шыңдалған, тұрғындарға көмек беруге жедел әрекет ететін, мобильді күш құрылымына айналды.
Мереке күні барлық қызметкерлер мен ішкі істер органдары ардагерлеріне, Сіздердің отбасыларыңыз бен жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, еліміздің өркендеуі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін.
Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р. Жақсылықов