Ұлттық ұлан Әскери институтынан 200-ден аса офицер түлеп ұшты

Ұлттық ұлан Әскери институтынан 200-ден аса офицер түлеп ұшты

Құқықтық тәртіп әскерінің Петропавл қаласындағы білім ордасында жас офицерлердің 21-ші шығарылымы өтті.

Ұлттық ұлан Әскери институтынан қазақстандық түлектермен қатар, Қырғыз Республикасынан жеті және Тәжікстан Республикасынан сегіз әскери қызметші офицерлік өмірге жолдама алды. Аталмыш оқу орнынан биыл, шет елдердегі әскери білім ордаларын бітірген түлектерді қоса есептегенде, жалпы 205 офицер еліміздің және көршілес елдердің әскери бөлімдерінде қызмет етуге жіберіліп отыр.

Ішкі істер министрі мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан оқу орнын сәтті аяқтаған жас офицерлерді Мемлекеттік аттестациялық комиссия төрағасы генерал-майор Әлібек Серәлиев, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының әкімі атынан оның орынбасары Сәтжан Аблалиев құттықтады.