Ұландықтар жекпе-жек ұрысынан өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Ұландықтар жекпе-жек ұрысынан өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті

4-7 маусым аралығында Ташкентте жекпе-жек ұрысынан VI әлем чемпионаты өтті.  Байрақты додаға әлемнің 38 елінен 200-ден аса спортшы қатысты.

Жалпыкомандалық есепте алаң иелері жеңіске жетсе, Ресей құрамасы екінші орынды иеленді, Қазақстан спортшылары үшінші орынды місе тұтты.

Еліміздің құрамасында Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сәтті өнер көрсетті. Өзін өзін қорғау бөлімінде күміс жүлдені: 85 келі салмақ дәрежесінде капитан Ерік Шәріпов, 80 келіде аға лейтенант Ерболат Дүйсембеков және 100 келіден аса салмақта запастағы подполковник Арман Ахашов қанжығасына байлады.

Жекпе-жек ұрысы бөлімінде 70 келі салмақ дәрежесінде капитан Батырхан Әшірбеков, 85 келіде аға лейтенант Медет Саметаев үшінші орынды иеленді.

Айтып өту керек, жүлдегер атанған барлық ұландық спортшылар Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі