
6 маусым күні сағат 19.45 шамасында Ұлттық ұланның әскери жасағы автокөлік тұрағының күзетшісіне трансформатордан шыққан өртті сөндіруге көмектесті.
«Қостанай темір-бетонды бұйымдар» бағытында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген ұландықтар Ворошилов көшесінде орналасқан «Качество М+» ЖШС автокөлік тұрағының аймағынан шыққан қалың түтінді байқайды.
Сарбаздар өрт шыққанын бірден жедел ақпараттар орталығына хабарлап, артынша әскери жасақтар кехекшісі капитан Нұрасыл Жүсіповке де баяндайды. Сосын уақыт жоғалтпай «Качество М+» ЖШС-не жылдам келіп, мекеме күзетшісіне аймақтағы трансформатордың өртеніп жатқанын айтады. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметін шақырған әскерилер күзетшімен бірігіп, қолда бар құралдардың көмегімен тілсіз жауды ауыздықтайды.
ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі