
«Үркер» шағын ауданында орын тепкен 5573 әскери бөлімінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ашық есік күні» өтті.
Әскери қалашық ауласындағы 100-ге жуық әскери қызметші орналасқан тұрғын үй маңында әскери техника көрмесі өтті. Атап айтқанда, бронетранспортер, арнайы бронді машина, жеке құрамды өткізу үшін бронды «Урал», УАЗ «Патриот» патрульді-постты қызметті атқаруға арналған арнайы автомобиль. Жергілікті балалар мен ата-аналармен келген балалар әскери техниканың кабинасы мен төбесіне әбден отырып, «Тигр» автокөлігі БТР – ге шықты. Патрульді көліктердің жарықтары мен дабыл белгісін қайта-қайта қосты.
Сондай-ақ, балалар мен ата-аналар үшін қызметтік иттер кинологтарының өнері паш етілді. Төрт аяқты сенімді достар есіртік заттары тауып, оқу-жаттығу қылмыскерлерін ұстады.
Елорданың жедел құрамасының ынталы жастар орталығының белсенділері қазіргі мульфильм кейіпкерлерінің костюдарында мерекелік қойылым қойды. Жүзден астам әскери қызметшілер балаларына жонглер, клоун өнер көрсетіп, ән айту және спорттық сайыстар, асфальта және қағазда сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Барлығы балалар би кешінің флэш-мобымен аяқталды.
Әр түрлі сайысқа қатысушылар сыйлықсыз қалған жоқ. Ал, жеңімпаздар мен жүлдегерлер үшін марапат қағаздары да берілді.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі