
Оқиға 31 мамыр күні сағат 10.30-де орын алды. Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінің бақылау-өткізу пункті бойынша қызметте тұрған кіші сержант Саламат Сансызбаев әскери қалашықтың маңындағы ғимараттардың бірінде өрт шығып жатқанын байқайды. Бұл туралы жауынгер әскери бөлім бойынша кезекшіге баяндайды.
Оттың жеке үйдің ауласындағы құрылыс орнында өрбігені анық болды. Әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Берік Нұрмаханов бастаған бір топ әскери қызметші тез арада оқиға орнына жетеді. Жол-жөнекей өрт сөндіру қызметін шақырып үлгереді.
Өрт сөндірушілер келгенше, ұландықтар жалын шыққан ауданды қоршап, өрттенген үйдің ауласынан мүліктерді шығаруға белсенді атсалысады. Оқиға орнына мамандар келісімен тілсіз жау толықтай ауыздықталады.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі