Теміртауда ұландықтар трамвайдағы өртті өшіруге көмектесті

Теміртауда ұландықтар трамвайдағы өртті өшіруге көмектесті

Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінің жауынгерлері көшені  патрульдеу кезінде жолда түіндеп тұрған трамвайды байқап, дереу көмекке асығады.

Әскери жасақтар бойынша кезекші аға лейтенант Мейрамбек Оразғалиев  автопатрульмен  Республика даңғылында келе жатып, түтіндеген трамвайды байқайды.

Офицер тез арада автопатрульді тоқтадады да, патрульшілер қатардағы Әлішер Айдынұлы және Иманжүсіпом Шаймұратұлымен бірге трамвайға беттейді. Оқиға орнында әскерилер лезде екі адамды сыртқа шығарып, трамвайдағы өрт сөндіргішті пайдалана отырып, өртті өшіруге кіріседі. Трамвай жүргізушісімен бірге ұландықтар аз уақыттың ішінде тілсіз жауды бірлесе ауыздықтайды.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі