Елордада ұландықтар жоғалған баланы ата-анасыны қайтарды

Елордада ұландықтар жоғалған баланы ата-анасыны қайтарды

Өткен демалыс күндері Ұлттық ұланның елордалық әскери жасағы жоғалған баланы тауып, оны жақындарына тапсырды.

Достық көшесінде қызмет атқару барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Аркадий Ханға және патрульшілер қатардағы жауынгерлер Ерсұлтан Сәкен және Тимур Сансызбаевқа ер азамат өтініш білдірді.  Ол алты жасар баласын жоғалтып алғанын хабарлап, оны іздеу бойынша көмек сұрады.  Бұл туралы қатардағы Аркадий Хан патрульдік топ басшысы мен көрші жасақтарға баяндайды.  

Әскери қызметшілердің жедел іздестірулерінің арқасында адасқан бала сәтті табылды. Ер азамат 5573 әскери бөлімінің әскери жасағына баланы іздеудегі жедел әрекеттері үшін алғысын білдірді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі