Елордада қазақ күресінен «Нұр-Сұлтан барысы» іріктеу сайысы өтті

Елордада қазақ күресінен «Нұр-Сұлтан барысы» іріктеу сайысы өтті

Сайыста Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің бір топ әскери қызметшісі жеңіс тұғырынан көрінді.

90 келі салмақта сержант Бекзат Алтынбаев 1-орынды жеңіп алды. Осы салмақта кіші сержант Қализа Ислямбеков пен Мерей Бердіғали 3-орынды иеленді. Сондай-ақ 55 келі салмақта ефрейтор Төрехан Ғайып 1-орынды, қатардағы Темірлан Қуантаев 2-орынды иемденді. Қатардағы Наурызбай Нұржауов 60 келі салмақта 3-орынға тұрақтады. Ал қатардағы Азамат Күмісбаев 82 келі салмақта 1-орынды бағындырды.

Іріктеуден сәтті өткен жеңімпаздар енді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы жүлдесі үшін өтетін “Қазақстан барысы” республикалық турнирінде бақ сынайтын болады. Балуандарды баптаған — жедел құраманың дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы капитан Айымбек Қайрақанов аталған жарыста сәтті өнер көрсетуге ұландықтар барын салатындарын алға тартты.