Ақтауда ұландық химиктердің өңірлік жаттығулары өтті

Ақтауда ұландық химиктердің өңірлік жаттығулары өтті

Ақтауда 6656 әскери бөлімнің атыс даласында "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері мамандарының жеті күндік далалық тәжірибе сабақтары ұйымдастырылды.

Жиынға тоқсаннан астам радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандары Орал, Ақтөбе, Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан келіп қатысты.

Аталған жиын кәсіби даярлық бойынша негізгі сабақтардан жауынгерлердің білімдері мен біліктіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Далалық шығудағы тәжірибелік сабақтарда әскери қызметшілер жеке тәжірибелік дағдыларды және бөлімше құрамында   бірыңғай әрекеттерді тексерді.

Далалық жаттығулардың нәтижесі бойынша үздік маман болып 6655 әскери бөлімі (Ақтөбе) 1 қамтамасыз ету батальоны РХБ қорғау взводының сержанты аға сержант Тимур Омаров танылды.

 «Үздік РХБ қорғау взводы» бойынша орындар келесідей бөлінді. Бірінші орынды 6656 әскери бөлімнің (Ақтау)   РХБ қорғау взводы алды, взвод командирі лейтенант Әділбек Келес. Екінші орын 6665 әскери бөлімнің (Ақтөбе)   РХБ қорғау взводына бұйырды, взвод командирі лейтенант Қуаныш Төлеуқажы. Үшінші орынды 5548 әскери бөлімінің  (Жаңаөзен) РХБ қорғау взводы місе тұтты,  взвод командирі аға  сержант Әлімжан Кирбаев.

«Барлау химиялық машинасының үздік есебі» номинациясында бірінші орынды 3502 әскери бөлімнің (Ақтау) есебі жеңіп алды, екінші орынды 5546 әскери бөлімнің (Атырау) есебі қоржынға салса, үшінші орын 5517 әскери бөлімнің (Орал) есебіне бұйырды.

 «Автоқұю  стансасының үздік есебі» номинациясында бірінші орынды 5517 әскери бөлімнің (Орал) есебі ұтты, екінші орын 6655 әскери бөлімнің (Ақтөбе) есебіне бұйырса, үшінші орынды 6656 әскери бөлімнің (Ақтау) есебі місе тұтты.

Айтып өту керек, далалық тәжірибе бақылап-тексеру сабақтарымен аяқталды. Онда әскери қызметшілер  радиациялық барлау, практикалық жүргізу, арнайы техниканы дайындау және жеке құрам, әскери техниканы, қару-жарақты санитарлық залалсыздандыру және тағы басқа арнайы пәндер бойынша  нормативтерді орындады.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі