Ұлттық ұланның елордалық құрамасында жас жүргізушілермен 300 шақырымдық марш өткізілді

Ұлттық ұланның елордалық құрамасында жас жүргізушілермен 300 шақырымдық марш өткізілді

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде 2-2020 жас шақырылым жауынгерлерімен 300 шақырымдық маршты өткізумен кешенді арнайы-тактикалық сабақ ұйымдастырылды.

Марш Қоянды – Софиевка – Приречное – Новомарковка – Балықты және кері бағыт бойынша өткізілді.

Оқу-жаттығуға 40-тан аса техника және 150 әскери қызметші қатысты. Марш барысында сарбаздар әр түрлі тапсырмаларда сыналды. Олар: «Сулы тосқауылдарды өту», «Техниканы бүркемелеу», «Уланған өңірді кесіп өту» және «Коллонаға жерден шабуыл жасау» секілді тапсырмалар.

Жеке құрамды азықтандыру мақсатында далалық асхана мен дала шатырлары барлық әскери қызметшілерге қойылды. Марш кезінде далалық клуб жұмыс жасап, онда қамтамасыз ету батальонының әскери қызметшілері  офицерлер мен сарбаздарға музыкалық қойылымдарын көрсетті.

Жауынгерлердің рухын көтеру, патриоттық бағытта тәрбиелеу және  заманауи марш жағдайында қызметтік-жауынгерлік әрекетпен танысу мақсатында алғаш рет маршқа 1995 жылғы тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысушы, құқықтық тәртіп әскерінің ардагері запастағы аға лейтенант Қайратбек Сәтбаев арнайы қатысты.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі