6 мамырда Нұрсұлтан қаласында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарының қызметкерлерін және Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін мерекемен құттықтап жұмыстарына табыс тіледі.
Ведомства басшысы екі ұландықтарға «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалын жеке тапсырды. Марапатқа «Орталық» ӨңҚ 5451 әскери бөлімінің бөлімше бастығы аға лейтенант Біржан Сайболатов және «Батыс» ӨңҚ 5517 әскери бөлімі 2 атқыштар ротасы 2 бақылаушылар взводының (әскери жасақ бастығы) бөлініс бастығы аға сержант Аскар Нұрғалиев ие болды.
Сол күні Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында салтанатты жиналыс өтті, онда әскерлер Бас қолбасшысы бүгін мемлекеттік наградалар мен ел президентінің қолынан генерал погонға ие болғандардың жауынгерлік еңбегін атап өтті.
- Алда біз үшін аға ұрпақтың ерлігін еске алатын маңызды мерекелер тұр. Сондықтан жеңіске жеткен ата-бабаларымыздың ерлігі тақырыбына Ұлттық ұланның ән-би ансамблі аталарымыздың ерлігі тақырыбына бір музыкалық қойылым шығаратынын атап өткім келеді. Бүгінде Ұлы Отан соғысы майдангерлерінің даңқты дәстүрлерін құқық тәртібі жауынгерлерінің қазіргі ұрпағы лайықты жалғастырып келеді. Бүгін мемлекеттік наградаларға ие болған әскери қызметшілерге қарап, біз өз еңбегімізбен мемлекетіміз бен халқымыз арасында жалпыға бірдей тануға қол жеткіздік деп сеніммен айтуга болады, деп атап өтті генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов.
Атаулы күндер қарсаңында әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге қосқан оң үлесі және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін Ішкі істер министрінің және Ұллтық ұлан Бас қолбасшысының бұйрықтарымен екі мыңнан астам Ішкі істер қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері марапатталды.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі