
2 мамыр күні Теміртауда сағат 22.00 шамасында әскери наряд бастығы патрульдеу бағытында жүріп, қатардағы жауынгер Қалбек Рысбекпен патрульдер қатардағы Алламбай Аслан және Мұстахим Қуандық Блюхер көшесіндегі 4 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқанын байқайды. Бұл туралы әскери нарядтар бойынша кезекшіге және ақпараттық бекетке хабарлап, гвардияшылар өрт болған жерге өрт сөндіру бригадасын шақырды. Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері келгенге дейін құқық қорғау органдарының күзетшілері батыл және шебер іс-әрекеттерімен жанып жатқан пәтерден 1982 жылы туған ер адамды шығарып алды.
Барлығы 25 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Әскери жасақ Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері келгенге дейін үйді қоршауды ұйымдастырды.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі