
Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық ұландағы қызметтің ерекшеліктері» тақырыбында брифинг өтті.
Брифинг барысында Ұлттық ұланның үстіміздегі жылғы бірінші тоқсанда атқарған қызметтік-жауынгерлік әрекетінің қорытындысы, құқықтық тәртіп әскерінің негізгі міндеттері, кадрларды дайындау мен жасақтау сұрақтары, сондай-ақ әскерге шақыру мен Ұлттық ұланда қызмет етудің тәртібі турасында мәселелер айтылды.