
Бірінші оқиға ағымдағы жылдың 11 сәуірінде сағат 18:20 шамасында 6655 әскери бөлімінің әскери жасағы құрамында патруль бастығы қатардағы жауынгер Никита Сайгаков, сақшылар қатардағы жауынгерлер Манап Абдинұрбакыт және Айбек Қылышниязов, Зоя Космодемьянский көшесі бойынша белгіленген маршрут бағытында жүргенде 6-7 жастағы жылап жатқан қызды байқаған.
Қызға жақындаған тәртіп сақшылар оны тыныштандырды, содан кейін ол ата-анасын іздеп, адасып, үйге қалай оралуды білмейтінін айтты.
Осы сәтте радиожеліс арқылы Ақтөбе қаласы бойынша ЖБО-дан сипаттамасы бойынша ұқсас қыз жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті.
Осыдан кейін кызды әскери жасақ полиция бөліміне жеткізеді, онда оны ата-анасы күтіп отырды.Өз кезегінде 6 жасар Айшуақтың ата-анасы өз балаларын тез арада жедел, әрі уақытылы көмек көрсеткені үшін ұлттық ұландықтарға үлкен мың алғыстарын білдірді.
Сол күні, бір сағаттан кейін, екінші бала үйінің ауласында ойнап, содан кейін жоғалып кетті. Осы орайда ұлттық ұланның жауынгерлеріне бала табу үшін жарты сағат уақыт қажет болды
Бала 11 сәуірде сағат 19:50-дің шамасында Қарасай батыр көшесінде жоғалып кетті. Біраз уақыт ата-анасы баласын өз бетінше іздеуге тырысты, бірақ уақыт кешкі сегізге жақындағандықтан, Ақтөбе қаласының полиция бөлімі ЖБО-ға баланың анасы үйінің ауласында ойнап жүріп, жоғалып кеткен ұлын табуға көмектесуін сұрады.
Бұл ретте сәбиді іздеуге құқықтық тәртіп сақшыларының барлық жеке құрамы жұмылдырылды..
. Арада 30 минут өткеннен кейін жедел іздестіру жұмыстарының арқасында, іргелес ауданның аумағын өңдеу барысында, әскери жасақ құрамында жасақ бастығы қатардағы жауынгер Еркебұлан Қайыржан, сақшылар қатардағы жауынгерлер Мерей Серікқалиев пен Абылай Айшуақов қалалық әскери прокуратураның жанында бағдар бойынша ұқсас көк түсті күртеше мен ақ түсті кроссовканы киген жылап жатқан баланы байқады, басында "Reebok"деген жазуы бар кепка болды.
Жасөспірім жадын жоғалтып алуына байланысты туысқандарымен байланысып, өзінің қай жерде екендігін хабарлай алмағаны анықталды.
Содан кейін Ұлттық ұланның жауынгерлері баланы полиция бөлімшесіне алып келді, онда оларды бақытты ата-аналар күтті.Өз кезегінде, баланың анасы Ұлттық ұлан жауынгерлеріне жедел де кәсіби әрекеттері үшін алғысын білдірді.
Қырағылық көрсеткені үшін аталған жауынгерлер бөлім командирі тарапынан марапатталды.