Қызуқанды құқықбұзушы қашпақ болды

Қызуқанды құқықбұзушы қашпақ болды

Оқиға 10 сәуір күні кешкісін Теміртау қаласында орын алған. Қала тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздігін күзетіп жүрген Ұлттық ұлан әскери жасағы керісіп тұрған ер кісі мен әйел адамды кездестіреді. Әскери жасақты көрген әйел олардан көмек сұрайды.

Алайда ашуға булыққан ер адам тыныштануын өтінген ұландықтардың сөзін тыңдамай, керісінше өздеріне зілмен жауап қайтарады. Жасақ бастығы Қалыбек Рысбекті итеріп жіберіп, тұра қашады. Дегенмен, жедел қимылдаған ұландықтар оны  дереу қуып жетіп, қолға түсірді.

Жауынгерлер бұзақыны Теміртау қаласының Шығыс полиция бөліміне тапсырды.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі