Ұландықтар тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

Ұландықтар тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

Бүгін, сәуірдің 7-і күні, Ұлттық ұланда тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан Ішкі әскердің 17 жауынгердің құрметіне арналған ерлік және еске алу күні аталып өтілді. Осыған орай құқықтық тәртіп әскерінің барлық әскери бөлімінде ерлік сабақтары, жеке құрамның 7 сәуірдегі ұрыстың және тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарған ардагерлермен кездесулері,  қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтті. Осындай шаралардың бірі елордалық 6636 әскери бөлімінде болды.

Іс-шараға қатысқандар 17 жауынгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оларды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосып келе жатқан үлесі және Ерлік пен еске алу күніне орай 7 сәуірдегі ұрысқа қатысушылар – запастағы аға лейтенант Қайратбек Сәтбаев пен 6636 әскери бөлімі қамтамасыз ету ротасының взвод командирі прапорщик Динар Сибагатуллин грамотамен марапатталды.

- Сол бір күнді еске алу өте қиын. Біз етене араласып кеткен көптеген қарулас достарымыздан бір мезетте айрылып қалдық. Амал жоқ, біздің міндетіміз – оларды үнемі еске алып, тағзым жасау. Ең бастысы, елімізде соғыс болмасын, - деді Қайратбек Сәтбаев.