
Бас қаланың Алматы ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің сарбаздары ер адамның аяғы тайып кетіп, құлағанын көреді. Дереу көмекке асыққан ұландықтар азаматқа жақындаған бетте 50-55 шамасындағы ер адамның ес-түссіз жатқанын байқайды.
Әскери жасақ оқиға орнына жедел жәрдем шақырып, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Оның басындағы жарақатын қажетті медицина заттарымен таңып, ыңғайлы жерге жатқызады. Жедел жәрдем келгенде зардап шегушіні медицина мамандарына табыстайды.
Жауынгерлік қызмет барысында қала тұрғынына жедел көмек көрсеткен әскери жасақ бастығы Марғұлан Нұртаев, патрульдер Арман Орынбасар мен Бекжан Ермек әскери бөлім командирінің бұйрығымен марапатталды.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі