Әскери жасақ жоғалған телефонды иесіне қайтарды

Әскери жасақ жоғалған телефонды иесіне қайтарды

Ұлттық ұлан жауынгерлері қала тыныштығын күзету барысында көптеген жоғалған мүліктерді тауып, иелеріне табыстап жатады. Елордалық жедел құраманың әскери жасағы таяуда «Samsung A71» телефонын тауып, иесіне қайтарды.

5573 әскери бөлімінің сарбаздары аталмыш смартфонды Жеңіс даңғылының бойынан тапқан. Бұл туралы жасақ бастығы қатардағы Жиенбек Жақсылықов дереу патрульдік топ бастығына баяндаған.

Арада аз уақыт өткенде телефон иесі анықталып, Ұлттық ұлан жауынгерлерімен кездеседі. Жүздесу барысында телефонның шын мәнінде осы адамға тиесілі екеніне көз жеткізген сарбаздар оны иесіне табыстайды. Телефон иесі адал қызметі мен жоғары жауапкершілігі үшін әскери жасаққа алғыс білдірді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі