Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты

Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты

Оқиға бүгін сағат 12.10 шамасында орын алды. Ұлттық ұланның елордалық 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Әлім Тасмағамбетов кезекті еңбек демалысында болған. Өз көлігімен жұмыстармен облыс орталығының Н. Назарбаев көшесімен кетіп бара жатып, бес қабатты тұрғын үйдің бірінен қою түтін шығып жатқанын байқайды.  

Түтін будақтаған пәтерде сол сәтте ешкім болмапты. 101 телефонына хабар беріп, офицер өрт шыққан кіреберіс тұрғындарын сыртқа шығара бастайды. Тез арада үйден екі егде азаматшаны және бір жасөспірімді алып шықты.  Олар тоңып қалмас үшін өз көлігіне отырғызды.

- Бірінші қабаттан түтінді байқадым. Түтін тез арада бүкіл кіреберісті алыпты. Жол-жөнекей мен өрт сөндіруші топты шақырдым. Кіреберістің сыртқы есі жабық екен. Мен барлық пәтерге қоңырау шала бастадым, кей терезелерге қар лақтырдым. Осы арқылы елдің көңілін өртке бөлгім келді. Санаулы секундтарда сыртқы есік те ашылды. Қуаныштысы сол, өртенген үйде ешкім болмай шықты. Мен жоғары қабаттарға көтеріліп, әр пәтердің есігін қағып шықтым. Бесінші қабатта 83 жасар егде әйел тұрады екен. Ол ұйықтап жатқан болуы керек, өртті сезбей қалыпты. Мен оны көтеріп алып, далаға шығардым. Артынша 70 жасар зазаматша мен 14 жасар баланы сыртқа шығарып, көлігіме отырғыздым. Өйткені, дала аяз еді, - дейді Ұлттық ұлан офицері.

Кейін өрт орнына Ұлттық ұлан Әскери институтының екі әскери қызметшісі келді. Кіші сержант Денис Мухин және прапорщик Евгений Видникевичтер де өрт сөндірушілермен қалған тұрғындарды өртенген үйден сыртқа шығарды. Әскери қызметшілер үйден тағы бір баланы эвакуациялаған.

Жалпы түтіндеген кіреберісітен 15 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды.  Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. .

Ұлттық ұлан баспасөз қызметі