Елордада 600-ден астам әскери қызметші алғаш рет жауынгерлік қызметке кірісті

Елордада 600-ден астам әскери қызметші алғаш рет жауынгерлік қызметке кірісті

2020 жылы желтоқсанда Ұлттық ұланның  елордалық 5573 әскери бөліміне шақырылған 600 жауынгер алғаш рет Нұр-Сұлтандағы қоғамдық тәртіпті пен қауіпсіздікті сақтау үшін алғашқы жауынгерлік қызметіне кірісті. Жас сарбаздар үшін маңызды оқиға құрметіне әскери бөлімнің саптық алаңында салтанатты гарнизондық таралым өтті.

Жауынгерлер жуырда ғана жас сарбаздың курсынан өткен болаты. Олар онда жаңа жағдайларға бейімделді, әскери бөлімнің тұрмыс-тіршілігімен, жабдықтарымен және қару-жарақтарымен танысты, Әскери Жарғы талаптарын үйренді. Сарбаздар Отанға адал болуға ант бергеннен кейін  қару-жарақ пен әскери техника тағайындалып, олар сол сәтте жауынгерлік қызметке де дайындалып жатты.

Гарнизондық таралым кезінде Нұр-Сұлтан қалалық полиция Департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ержан Саденов жас сарбаздарға құттықтауын арнады.

- Ұлттық ұлан қатарында, оның ішінде  Қазақстанның бас қаласында қызмет ету - барлығына үлкен абырой және үлкен жауапкершілік. Ұлттық ұлан еліміздің қалаларында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен үлес қосуда. Сондықтан, сізді үйде күтіп отырғанын әрдайым есте сақтаңыз, қызметтік борышыңызды адал атқарыңыз, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайы болыңыз және ең бастысы заңды сақтаңыз. Сондықтан, баршаңызға мықты денсаулық, қажырлы еңбегімізде сәттілік тілеймін », - деді полиция генерал-майоры жас сарбаздарға айтқан сөзінде.

Айта кету керек, офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қосқанда 1200-ге дейін әскери қызметшілер күн сайын екі ауысымда елорданың төрт ауданында қызмет етуге шығады.

Әскери қызмет барысында олар қарақшылық, ұрлық және тонау фактілерін анықтайды, іздеуде жүрген адамдар ұстайды, есірткілерді тәркілейд. Айту керек,  сарбаздар мен офицерлер әр кезде ұялы жоғалған телефондарды, ноутбуктарды, ақшаларды табады, азаматтарға балаларын немесе басқа туыстарын табуға көмектеседі.

Жалпы, өткен жылы 5573 әскери бөлімінің жеке құрамы жауынгерлік қызметтің 500-ден астам тапсырмасын орындады. Әскери жасақтар 5000-нан астам азаматты ұстап, астананың ішкі істер органдарына әкімшілік құқық бұзушылық үшін және 100-ге жуық адам қылмыс жасағаны үшін жеткізді.

Жыл ішінде әскери қызметке келген жас сарбаздар елорда тұрғындарының тыныштығын  мен  қауіпсіздігін қорғайды. Қызмет аяқталғаннан кейін олар әскери қызмет саласында тиісті білімдер алады және ниет білдірген сарбаздар ұсыныстар бойынша келісімшарт негізінде Ұлттық ұлан қатарында қызметін жалғастырады немесе ішкі істер органдарына жұмысқа тұра алады.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі