
Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл Ұлттық ұлан жедел құрамасының жеке құрамымен кездесті. От пен оқтың арасынан аман шыққан қазақтың қайсар ұлы, интернационалист-жауынгер сарбаздармен естелігімен бөлісіп, отансүйгіштік және ұлтжандылық тақырыбында әңгіме өрбітті.