Қызметтік иттің көмегімен есірткі табылды

Қызметтік иттің көмегімен есірткі табылды

Ұлттық үлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери жасағы «Ремми» атты қызметтік иттің көмегімен есірткі затын сатумен айналысқан адамды ұстады. Есірткі орамы Оралдағы түзету мекемесінің маңынан табылды.

Оқиға 6 ақпан күні сағат 20.20 шамасында болған. Әскери жасақ құрамында жасақ бастығы қатардағы жауынгер Бақытжан Айтжан, жасақшылар қатардағы Әлмұхамед Қабатаев және кинолог-ефрейтор Құндызбек Қапаев патрульдеу кезінде Широкая көшесіндегі түзету мекемесі жанынан күдікті ер адамды байқайды. Полиция формасын киген сақшыларды көрген ол белгісіз затты лақтырып жіберген.

Кинолог-ефрейтор Құндызбек Қапаев дер кезінде «Ремми» атты қызметтік итке сол маңды іздеуді бұйырып, төртаяқты есірткі заты бар қағаз орамасын тапты.

Айғақ заттар мен құқық бұзған оның иесі, 39 жасар азамат әрі қарай тергеу жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Қызметті кезіндегі қырағылықтары үшін әскери жасақ 5517 әскери бөлімі командирінің құқығымен марапатталды.

Айта кету керек, «Ремми» Ұлттық ұланда бес жылдан бері қызмет етіп келеді екен. Ұландықтар «Реммидің» көмегімен былтыр есірткі сатудың бес фактісін анықтаған.

«Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі