Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен ер азаматты соққыға жыққандарды ұстады

Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен ер азаматты соққыға жыққандарды ұстады

Оқиға Көкшетау қаласында ақпанның 4-і күні кешкі сағат 21.30 шамасында орын алған. Осы уақытта патрульдік қызмет атқарып жүрген Ұлттық ұлан жауынгерлеріне Жедел басқару орталығынан екі белгісіз азаматтың ер адамды үйіне кіре берісінда ұрып, іздерін жасырғаны туралы ақпарат келген.  

Шұғыл түрде қаскөйлердің түр-сипаттары барлық жасақтарға таратылып, әскерилер іздеуге кіріседі. Көп ұзамай, әскери жасақ бастығы аға  сержант Қуанышбек Қайыров бастаған патрульшілер іздеу барысында сипаттамаға ұқсас күдіктілерді байқайды. Жауынгерлер жақындай келгенде екі күдікті ескертулерге құлақ түрмей, қаша жөнелген.

Қаскөйлерді құрықтау үшін ұландықтар кинолог маманның көмегіне жүгініп, «Бумер» атты қызметтік итті қолдану арқылы қашқындарды тоқтатады. Ұсталған күдіктілер мән-жайды анықтау мақсатында жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне тапсырылған.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі