Елордалық ұландықтар балақайға жоғалған телефонын табуға көмектесті

Елордалық ұландықтар балақайға жоғалған телефонын табуға көмектесті

Қаңтардың 31-і күні Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің құрамында қатардағы жауынгерлер Ербол Берлібаев, Павел Астахов және Жоламан Ақылбек бар әскери жасағы «Oppo» маркалы ұялы телефонын тауып алады.

Бұл туралы әскерилер дереу патрульдік топ бастығы қатардағы Елдос Орынғалиевке баяндайды. Араға аз уақыт салып, табылған телефонға оның 12 жасар иесінің анасының атынан қоңырау келіп түседі. Ұландықтар оған қай жерде тұрғандарын айтып, келіп, алып кетуге болатынан жеткізеді. Телефонның заңды иесіне тиесілі екені расталған соң, әскерилер оны иесіне қайтарады. Өз кезегінде азаматша ұландықтарға қызметтерін адал орындап жүргені үшін алғысын білдіреді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі