Қостанайда ұландықтар алтын бұйымдарын ұрлаған бұзақыны қолға түсірді

Қостанайда ұландықтар алтын бұйымдарын ұрлаған бұзақыны қолға түсірді

Оқиға қаңтардың 30-ы күні кешкісін орын алған. Қала тәртібін қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің жауынгерлері Жедел басқару орталығынан «Сауда орталығы» ғимаратында ұрлық жасалғаны туралы хабар алады. Қаскөй әйел азаматшаның алтын бұйымдары мен құжаттары бар әминын қолды қылып, саябақ жаққа қарай қаша жөнелген.

Ұрлық жасаған азаматтың түр-сипаты осы арадағы барлық маршруттарға хабарланып, ұландықтар дереу іздеуге кіріседі. Арада аз уақыт өтпей, құрамында кіші сержант Мақсат Борамбаев, Ярослав Соловьев және Сергей Пашков бар әскери жасақ хабарламада берілген белгілерге ұқсайтын азаматты байқайды. Тексеріс кезінде әлгі азаматтың қолындағы пакеттің ішінде ұрланған айғақ заттар табылған.

Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында 1992 жылы туған ер азаматты ұландықтар Қостанай қалалық полиция бөліміне жеткізеді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі