Елордада ұландықтар жоғалған баланы ата-анасына қайтарды

Елордада ұландықтар жоғалған баланы ата-анасына қайтарды

31 қаңтар күні кешкісін Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы елорданың Сарыарқа ауданында патрульдеу қызметінде жүріп, жалғыз өзі жылап тұрған баланы байқайды.

Оның айтуынша, үлкен әпкесімен қалалық әкімдік маңындағы сырғанақта ойнап жүрген екен. Кейін оны көзден таса қылып алғанын айтады. Өз бетінше әпкесін іздегенімен, таба алмаған көрінеді. Сол кезде оған көмекке ұландық жауынгерлер келіп, жақындарын іздеу жұмыстарына кіріседі.

20 минут ішінде әскерилер баланын әпкесін тауып, әскери жасақтар бойынша кезекші лейтенант Абылай Тоқтанмен оларды ата-аналарына жеткізіп тастайды. Осындай көмектері үшін балалардың ата-анасы ұландық жауынгерлерге алғысын білдірді.  

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі