
Жуырда Ұлттық ұлан 6637 әскери бөлімінің әскери жасағы қызмет атқару барысында екі азаматты есірткі заттарымен ұстады.
Патрульдеу кезінде ұландықтар өздерін бір түрлі ұстаған жас жігіттерді байқайды. Тіпті тәртіп сақшыларын көре салысымен олар қаша жөнелген. Әскери жасақ бастығы қатардағы Әділхан Болатовтың «Тоқта?» деген талаптарына құлақ аспаған әлгі екеуді ұландықтар арттарынан қуа бастайды. Нәтижесінде бірі қолға түсіп, екіншісі жасырынып үлгереді.
Оқиға орнына әскери жасақтар бойынша кезекші капитан Жан Носиев көмекке келіп, патрульші-кинолог сержант Рауан Жұмаділовпен бірге «Лев» есімді қызметтік итін қолдану арқылы ізге түседі. Сәлден кейін төрт аяқты серіктің көмегімен күдікті аулалардың арасынан жасырынып отырған жерінен табылады.
Әрі қарай жедел-тергеу тобы оқиға орнына шақырылып, күдіктінің бірінен есірткі заты табылған.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі