Ұландықтар Теміртауда тапаншемен жүрген азаматты ұстады

Ұландықтар Теміртауда тапаншемен жүрген азаматты ұстады

Оқиға  24 желтоқсанда сағат 18.20-да  орын алды. Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінің әскери жасағы қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару барысында күдікті ер азаматты байқайды.

Әскери жасақ бастығы Руслан Махмұтов, қатардағы Манучер Ділмұратов және Дияс Әбдіхалық бастаған жауынгерлер жақындай бергенде әлгі азамат, тіпті, сасқалақтап қалады.  

Әскери жасақ азаматты тоқтатып, мән-жайды анықтаған кезде ол өзімен травматикалық тапанша алып жүргенін мойындайды. Оқиға орнына тергеу тобы шақырылып, күдікті құзырлы мекеме қызметкерлерінің қолына тапсырылады.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі