Ұландықтар жеті ұрлықтың ізін суытпай ашты

Ұландықтар жеті ұрлықтың ізін суытпай ашты

Алматы қаласын патрульдеу кезінде Ұлттық ұлан 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тонау жсаған күдіктілерді қолға түсірді.

Әскери жасақтар қылмыс жасалған орынға жетіп, іздеуге кіріседі. Нәтижесінде Әуезов, Медеу, Бостандық аудандарында бір кеште жеке мүлік пен ақшалай заттарды ұрлауға қатысы бар деген 7 күдікті құрықталды.  

Белгілі болғандай, аталған тонау әрекеттері қаланың орталық көшелелерінде сағат 17.00-20.00 аралығында орын алған.  Оқиға орнына полиция басқармасынан жедел тергеу тобы шақырылып, куәгерлердің қатысуымен құнды заттар тәркіленді.

Жәбірленушілер әскери жасақтарға өз алғыстарын білдіріп, зор денсаулық пен үйлеріне аман-есен қайтуларын тіледі.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік қызметті атқару барысында танытқан қырағылықтары үшін ұландықтар әскери бөлім командирінің құқығымен марапатталды. 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі