Бауыржан Момышұлына 110 жыл

Бауыржан Момышұлына 110 жыл

Бүгін ұлтымыздың біртуар перзенті, Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толып отыр.

Ұлттық ұлан жауынгерлері әр кезде батырдың ұлағатынан тәлім алады. Құқықтық тәртіп әскерінің қатарында қолбасшының сөзін өмірлік ұстаным етіп алған жауынгерлер жетерлік. Ал оның шығармалары командирлердің қолданбалы кітаптарына айналды.

Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлттық ұланда өткізілген «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» атты тағзым эстафетасы кезінде әскерилер батыр бабамыздың есімі мен ерлік істерін ұлықтап, жеке құрамға жақынырақ таныстыра түсті. Сондай-ақ, 1941 жылы Алматы мен Бішкек қалаларында жасақталып, Мәскеуден Берлинге дейін жеткен Кеңес Одағының батыры генерал-майор И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизиясының ерліктері туралы жауынгерлерге кеңінен паш етіліп, жер жерлерде жүздеген патриоттық іс-шаралар, тақырыптық кештер, концерттер, ҰОС ардагерлерімен кездесулер өткізілді.