Ұлттық ұланда «Мен Отан қорғаушымын» атты балалар фотобайқауынын қорытындылады 

Ұлттық ұланда «Мен Отан қорғаушымын» атты балалар фотобайқауынын қорытындылады 

Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.  Байқауға қатысу үшін 84 тапсырыс түскен болатын. Солардың арасынан 35 келесі кезеңге өтті. Жеңімпазды    Ұлттық ұланның «Инстаграм» әлеуметтік желісінде дауыс беру арқылы анықталды.

Дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп лүпіл  (2463 дауыс) Ұлттық ұланның әскери байланысшысы  капитан Арман Қапаровтың қызы  - Әмина Серік алды.

Екінші орынды  1815 дауыспен 6654 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальон командирінің орынбасары майор Айбек Ерқожаевтың қызы  – Аяна Айбекқызы иеленді. Ұлттық ұлан Әскери институты клуб бастығы капитан Асхат Қалиевтың ұлы Айсұлтан Қадырхан – 1717 дауыспен үшінші орынды місе тұтты.

Сондай-ақ, «Көрермендер көзайымы»  номинациясы бойынша бірден үш қатысушысы марапатталды. Олар: Даниал Балғабай – 3656 әскери бөлімінің маманы (борт-жолсерігі)  қатардағы Айдана Омарованың ұлы,  София Ермоленко –  3477 әскери бөлімінің старшинасы  Алексей Ермоленконың қызы  және  Дана Жамал – 6654 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Күлбаевтың қызы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықовтың  атынан диплом мен сыйлықтармен, қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі