Ішкі істер министрі Ақтөбедегі Ұлттық ұланның әскери бөлімінде қызметтік іс-сапармен болды

Ішкі істер министрі Ақтөбедегі Ұлттық ұланның әскери бөлімінде қызметтік іс-сапармен болды

Желтоқсан айының 4-і күні ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов қызметтік іс-сапармен ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөліміне болды.

Мәртебелі меймандарды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Батыс" өңірліқ қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев пен 6655 әскери бөлімінің командирі полковник Мирас Тұрдалин қарсы алды.

Іс-сапар барысында Ішкі істер министрлігінің басшысы болашақ бригада үшін  салынып жатқан объектілер құрылысымен  және   казармалық үй-жайдың күрделі жөндеу жұмыстары барысымен танысты.Сондай-ақ әскери қалашықтың инфрақұрылымы мен объектілерін, карантиндік шаралар жағдайындағы әскери қызметшілердің казармалық-тұрмыстық жағдайларын қарап шықты, содан кейін жауынгерлік басқару орталығымен сарбаздар асханасында болды.

6655 әскери бөлімінің командирі Мирас Тұрдалин ІІМ басшысын ақпараттық стендпен және 6655 әскери бөлімінің макетімен таныстырды, сондай-ақ казармалардың жекелеген объектілерін жөндеу және жабдықтау құрылысының барысы туралы айтты.

Одан кейін  әскери бөлім клубында Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың 6655 әскери бөлімінің жеке құрамынан кездесуі өтті

Кездесу барысында генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов мемлекет басшысының еліміздің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.

Айта кету керек, бүгінгі таңда 6655 әскери бөлімінің  жеке құрамы саны және орындалатын қызметтік-жауынгерлік міндеттер көлемі бойынша батыс өңірдегі ең ірі болып  әскери бөлім болып табылады. Ұландықтар қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етеді, түзеу мекемелерін күзетеді, сотталған адамдарды айдауылмен алып жүреді, терроризмге қарсы операцияларға қатысады және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы Заңмен бекітілген басқа да маңызды міндеттерді орындайды.