Ұландықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Ұландықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында эпидемиялогиялық талаптар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Кеш барысында жеке құрамға Елбасының тәуелсіз Қазақстанды құрудағы өмірлік жолы және әлемдік қауымдастықтағы орны туралы «Ұлт көшбасшысы» атты деректі фильм көрсетілді.

Атаулы мерекемен әскери қызметшілер мен ардагерлерді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов құттықтады.

Мемлекеттік мерекеге орай Ішкі істер министрі және Бас қолбасшының марапаттау туралы бұйрықтары оқылып, 90 әскери қызметші мен 35 әскер ардагері кеуде белгілері, грамота және алғыс хаттармен марапатталды.

Дәл осы күні әскер өмірінде тағы бір атаулы оқиға орын алды. Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының әскери қызметшілері Төтенше жағдайлар минстрілігіне жоғары лауазымға тағайындалған генерал-майор Ұларбек Әбікеевті шығарып салды. Ол құққытық тәртіп әскерінде взвод командирінен әскердің Бас штаб бастығының бірінші орынбасары секілді лауазымдарды өткен.  Әр жылдары әскери бөлімдер командирі, Ұлттық ұлан «Шығыс», «Орталық» өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының бірінші орынбасаоры – штаб бастығы болып қызмет атқарған. Құқықтық тәртіп әскеріндегі соңғы лауазымы – инспекторлық-талдамалық басқармасының бастығы – Әскери кеңес хатшысы.

ТЖМ құрылымында Ұларбек Ташықұлұлы азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер бойынша Комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов Ұларбек Әбікеевті жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, қызметтің жаңа кезеңінде сәттілік тіледі.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі