Ұлттық ұланда азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

Ұлттық ұланда азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Ұлттық ұланның барлық өңірлік қолбасшылықтары мен әскери бөлімдерінде азаматтарды онлайн режимінде бірыңғай қабылдау күні өтті.

Елордада азаматтардың үндеуіне Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов жауап берді. Онлайн қабылдау кезінде азаматтар мен әскери қызметшілер негізінен әскери қызмет пен әлеуметтік сипаттағы сұрақтарды айтты.

Барлық өтініштер бойынша Руслан Жақсылықов тиісті қызметтер басшыларына нақты тапсырмалар беріп, оларды тез арада шешу үшін шұғыл шаралар қабылдауды бұйырды.

Осындай онлайн-қабылдауды Ұлттық ұланның барлық өңірлік қолбасшылық қолбасшылары және әскери бөлімдер командирлері өткізді. Әскер басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы шамамен 40 адамды қабылдады.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі