5510 әскери бөлімі - 25 жас!

5510 әскери бөлімі - 25 жас!

20 қараша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінің құрылған күні деп есептелінеді. Биыл әскери бөлім 25 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Ширек ғасырлық тарихы бар әскери бөлім  Көкшетау қаласында Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 қыркүйектегі №1217 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жедел мақсаттағы жеке батальоны ретінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының 1995 жылғы 12 қазандағы бұйрығымен құрылған болатын. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 2004 жылғы 13 ақпандағы Жарлығымен 5510 әскери бөліміне Жауынгерлік Ту табыс етілді.

Кейін Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Қолбасшысының 2008 жылғы 26 маусымдағы №9 бұйрығымен жедел мақсаттағы жеке батальон полк болып қайта құрылды.

Әскери бөлімге жүктелген негізгі міндеттерге тоқталатын болсақ, бөлім жеке құрамы Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, ҚАЖМ (Гранит, Новоукраинка кенті және Атбасар қаласы сотталғандарды күзету және қадағалау, соттарда сотталушыларды күзету, сотталғандар мен қамауға алынған адамдарды айдауылдау, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою болып табылады. 2013 жылғы ақпаннан бастап өңірлік қолбасшылықтар қайта ұйымдастырылды және 5510 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіреді.

25 жылдың ішінде бөлімнің жауынгерлік әзірлігін жоғары ұстауда, әскери саладағы дағды-машықтарды жетілдіру мен қатаң тәртіпті орнатуда, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді үлгілі орындау ісіне өздерінің баға жетпес үлесін қосқан мыңдаған әскери қызметшілер өткен.