«Қазбат» фильміне бір жыл

«Қазбат» фильміне бір жыл

«Қазбат» көркем фильмі 1995 жылы орын алған шынайы оқиға негізінде түсірілген. Фильмге Тәжікстан және Ауғанстан мемлекеттік шекараларын күзетуге аттанып, сол жылдың 7-сәуірінде Пшихавр шатқалында тосын шабуылға тап болған Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлері жетінші құрама ротасының ерлігі арқау болды.

Фильмде басты рөлдерді көптеген туындылары арқылы елімізге танылған талантты актерлар Дәурен Серғазин мен Ринат Дошибеков, сондай-ақ қосалқы рөлдерді кино әлемінің жас жұлдыздары – Рахат Халық, Диас Мырзахмет, Шәріпбек Закиров пен Индира Меңдібаева сомдады.

«Қазбаттың» тұсаукесеріне Пшихавр шатқалында болған қанды қақтығыстың куәгерлері қатысты.

Көркем фильм осыдан тура бір жыл бұрын, яғни 2019 жылдың 21-қарашасында еліміздің кинотеатрлары арқылы қалың көрерменге жол тартқан болатын. Ал сол жылдың сәуір айында, аталмыш оқиғаның 25-жылдығы қарсаңында «Qazaqstan» телеарнасынан «Қазбат» телехикаясы  көрсетілді.