Елордада ұландықтар бойжеткенге жоғалған телефонын қайтарды

Елордада ұландықтар бойжеткенге жоғалған телефонын қайтарды

15-қараша күні кешке астаналық 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы Ақмешіт көшесінен Samsung S9 маркалы ұялы телефон тауып алды.

Жасақ бастығы қатардағы Өмірбек Сағынбаев, қарамағындағы патрульдер Данияр Тойғанбаев пен Бауыржан Рыспаев бірден патрульдік топ бастығына баяндады. Осы сәтте телефонға қоңырау келіп, желінің арғы жағындағы бойжеткен өзін телефон иесімін деп таныстырды.

Кездесу барысында табылған смартфонның осы азаматшаға тиесілі екеніне толық көз жеткізген ұландықтар оны иесіне қайтарып берді. Қуанышын жасырмаған ару қызметіне адал да қырағы сарбаздарға алғыс білдірді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі