
14 қараша күні сағат 19.00 шамасында қоғамдық тәртіп күзетін қамтамасыз етіп жүрген 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көліктер зат шығарып жатқан ер адамды байқайды.
Ұлттық ұланның әскери жасағын байқаған ол жер үйлерге қарай қаша жөнеледі. Алайда, жасырынып үлгермеді. Патрульдік топ бастығы ефрейтор Ерлан Қамалов және кинологиялық қызмет бастығы ефрейтор Жанадар Имендинов дереу ізіне түседі. Кинолог қашқынға «Тоқта!» деп пәрмен береді, күдікті оған құлақ аспайды. Ұландықтар оны «Кэрри» атты қызметтік иттің көмегімен құрықтайды.
Сезікті адам мән-жайды нақтылау мақсатында Киров аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Бөлімшеде өзге адамға тиесілі көліктен мүлік ұрлағанын мойындап, түсініктеме берді.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі