«Мен – Отан қорғаушымын!» фотобайқауы басталды

«Мен – Отан қорғаушымын!» фотобайқауы басталды

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ФОТОБАЙҚАУ!!!

Құрметті оқырман! Біздің парақшамызда «Мен – Отан қорғаушымын!» фотобайқауы басталды!

Байқау шарттары:

✔ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің балалары қатысады;

✔ Қатысушылардың жасы 3 пен 10 жас аралығында болуы тиіс;

✔ Байқауға балақайлардың әскери формадағы суреті жолданады;

✔ Өтініштер 20 қарашаға дейін қабылданады;

✔ Қатысу үшін «Мен – Отан қорғаушымын!» деген тақырыппен баланың аты-жөні, туған күні мен өмірінің қызықты фактілері, қызығушылығы, ата-анасының жұмыс орны мен лауазымы, әскери шені мен байланыс нөмірін көрсетіп, байқауға ұсынылатын фотоны тіркеп Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мекен-жайына (press_ng@mail.kz поштасына) хабарлама жолдау керек.

Дауыс беру 20 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Ұлттық ұланның әлеуметтік желідегі «Instagram» парақшасында жүргізіледі. Жеңімпаз бен жүлдегерлер дауыс қорытындысы бойынша анықталып, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының дипломы және сыйлығымен марапатталатын болады.