Ұландықтар елордада жас қызды зорламақ болған қаскөйді ұстады

Ұландықтар елордада жас қызды зорламақ болған қаскөйді ұстады

Үстіміздегі жылдың 30 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданы бойынша қызметке түскен Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы жас қызды зорламақ болған күдіктіні қолға түсірді.

Кешкі сағат 21.45-те Құсжол көшесінің бойымен қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметінде жүрген ұландық әскери қызметшілерге орта жастағы әйел келіп, оның 25 жасар қызын белгісіз біреу зорлауға әрекет жасағаны туралы айтады. Қыздың дауысынан шошыған ер азамат жақын маңдағы аулалардың біріне жасырынғысы келген. Патрульдік топ бастығы аға сержант П. Құрбан және патрульші қатардағы Н. Естай тергеу тобымен іздестіру жұмыстарына кірісіп кетті.

Араға 20 минут салғаннан кейін әскери жасақ күдікті азаматты табады. Жәбір көруші қыз оны таныған соң, күдікті ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі