
Оқиға 4 қазан күні сағат 13.20 орын алды. Ұлттық ұланның елордалық 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көшені патрульдеу бапрысында жерде жатқан әмиянды байқайды.
Табылған әмиянды тексеру арқылы оның ішінде 92 мың теңге және «Samsung S80» ұялы телефоны бары анықталады. Бұл туралы ұландықтар радиостасамен әскери жасақтар бойынша кезекші капитан А. Ақтановқа баяндайды.
Офицер өз кезегінде, жоғалған зат иесін іздеуге кіріседі. Оның жақындарына қоңырау соғады. Нәтижесінде әмиян иесі табылады. Ол егде жастағы азаматша болып шығады. Ол ұландықтардың қызметі мен қырағылығына және әскери бөлім басшылығына лайықты Отан корғаушыларды тәрбиелегені үшін алғысын білдіреді.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі