
Өткен демалыста Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы кешке қарай автотұрақта белгісіз біреудің автокөліктің шеткі айнасын жұлып жатқанын байқайды.
Әскери жасақ бастығы қатардағы Көңілхош Әубекеров және патрульшілер қатардағы Сағадат Қайырбек пен Марат Өтебаев тезарада бұзушыға қарай беттейді.Ол өз кезегінде айнаны қалтасына салып, ізін суытқысы келген.
Көп ұзамай әлгі азамат қолға түседі. 37 жастағы азамат ұсталып, полиция қызметкерлеріне тапсырылады.